Автомобиліңізге және қосалқы бөлшектерге кепілдік
Geely-Galaxy автомобилінің иесі бола отырып, Сіз бізге толықтай сене аласыз. Біз Geely-Galaxy автомобильдерінің сапасына сенімдіміз және Сіздің көлік тізгініндегі әр сәттен ләззат алғаныңызды қалаймыз.
Автомобильге кепілдік
5 жыл немесе 150 000 км жүріс.
Кепілдіктің толық шарттары және негізгі кепілдік мерзімінен өзгеше мерзімдері бар бөлшектер тізімі сатып алу-сату шартында сипатталған.
Қосалқы бөлшектерге кепілдік
12 ай немесе 20 000 км жүріс
Geely ресми дилерлерінен сатып алынған жаңа түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен аксессуарларға кепілдік сату күнінен немесе сатып алынған қосалқы бөлшек/аксессуар орнатылған күннен бастап есептеледі.