Өтінім қалдыру
6688
RU
EX2
EX2
Баға парағы Digital Showroom
GEELY GALAXY EX2 — Сырты шағын, іші кең
Қалалық электромобиль, 2025 жылы Қытайдағы барлық жеңіл көліктерінің сатылымы бойынша №1 бестселлерге айналды. Сыртынан A0 класс болғанымен, ішінен B кластағыдай сезіледі: салоны кең, жабдықталуы бай және сегменттен жоғары деңгейдегі жүріс бөлігі. Артқы дөңгелекті жетектің, барлық дөңгелектердің тәуелсіз аспасының және ерекше алдыңғы жүксалғыштың арқасында EX2 қала үшін ақылды таңдау болып табылады.
  • 2650 мм — дөңгелек базасы
  • 70 л — алдыңғы жүксалғыш
  • 375-1320 л — артқы жүксалғыш
  • 21 мин — 30-80% жылдам қуаттау
  • 4,95 м — бұрылу радиусы
  • RWD — артқы жетек
  • 14,6″ — 2.5K орталық экран
  • CATL — тартқыш батарея элементтері
Сипаттамалар
Жинақтамалар
экстерьер
  • Comfort
  • Techno
КҮШТІК ҚҰРЫЛҒЫ
11-і 1-де электр жетегі және артқы дөңгелек жетегі
EX2 негізінде— жоғары интеграцияланған "11-і 1-де" электр қозғалтқыш жүйесі және әдетте жоғары кластағы автомобильдерде кездесетін артқы дөңгелекті жетек. Бұл орналасу теңдестірілген басқаруды, сенімді үдеуді және ықшам айналу радиусын береді.
"11-і 1-де" электр жетегі
Жоғары интеграцияланған жүйе жоғары тиімділік пен тамаша өнімділікті біріктіреді: қуат тұтыну төменділігі пайдалану шығындарын азайтады, ал сенімді жеделдету бағдаршамнан да, жолда басып озу кезінде де қолжетімді.
Артқы жетекті
Жолдағы неғұрлым теңдестірілген жүріс-тұрысы және басқарудан ләззат алу: жылдам үдеу, сенімді басып озу және 4,95 м құрайтын ықшам бұрылу радиусы - тар көшелерде тұрақ пен маневрлердің ыңғайлылығы.
Сұйықпен салқындатылатын CATL батареясы
CATL элементтеріндегі тартқыш батареясы — саланың әлемдік көшбасшыларының бірі. Сұйықтықты интеллектуалды салқындату тіпті жоғары жылдамдықта да тұрақты түрде төмен қуат тұтынуды сақтайды және нақты жүріс қоры бұзылмайды.
Жылдам қуаттау
30—дан 80%-ға дейін қуаттау небәрі 21 минутты алады - сапарды жалғастыру үшін қысқа аялдау жеткілікті.
Экстерьер
Сырты шағын, іші кең
Сыртынан A0 класс — ішінен В класс
Сыртынан қарағандағы шағын қалалық өлшемдері мен 2650 мм дөңгелек базасы автомобиль салонынына сегментке тән емес кеңдік береді. EX2 көлігін тұраққа қою оңай, бірақ ішінен классы жоғарырақ боп көрінеді.
Қаладағы маневрлік
4,95 м құрайтын шағын бұрылу радиусы арқасында EX2 тар көшелерде, автотұрақтарда және көлік қозғалысы тығыз жерлерде икемді боп келеді.
Бірегей алдыңғы 70 литрлік жүксалғыш
Кең төртбұрышты алдыңғы жүксалғышқа 20 дюймдік чемодан сыйып кетеді және ол смартфоннан немесе кілттегі түймешік арқылы ашылады. Мұндай функция бұл класта сирек кездеседі және әдетте қымбатырақ үлгілерде ғана қолжетімді.
15" болат дискілер
205/65 R15 шиналары бар оңтайлы 15 дюймдік болат дискілер ыңғайлы жүруді қамтамасыз етеді және техникалық қызмет көрсету құнын төмендетеді.
Безопасность
L2 деңгейді қорғау
L2 көмекшілер топтамасы
Заманауи көмек көрсету жүйелерінің толық жиынтығы (Techno жиынтықтамасы): адаптивті круиздік бақылау (ACC), автоматты шұғыл тежеу (AEB), жолақтан шығу туралы ескерту (LDW), жол белгілерін тану және алда тұрған көліктің қозғала бастағаны туралы ескерту.
Айналаны 540° шолу
Transparent View жүйесі көліктің айналасындағы кеңістікті және астыңғы жағындағы виртуалды көріністі көрсетеді. Тұраққа қою, бұрылу және көтерілу кезінде автоматты түрде төмен жылдамдықта қосылады.
GEELY батареясының қауіпсіздігі
Өнеркәсіптік стандарттарынан жоғары боп келетін стандарттағы фирмалық Battery Safety System жүйесі, батареяны сұйықтықпен салқындату және CATL элементтері тұрақтылық пен сенімділікті қамтамасыз етеді.
Жоғары кернеуді авариялық ажырату
Күрделі жол—көлік оқиғасы кезінде құтқарушыларға жоғары вольтты жүйені лезде токтан ажырату үшін апаттық кабельді кесіп тастау жеткілікті - бұл кластағы бәсекелестердің көпшілігіндегі жоқ шешім.
Комфорт
Премиум-кластағы біркелкілік
Барлық дөңгелектердің тәуелсіз аспасы
Қазірдің өзінде стандартты жинақтамада — алдыңғы жағында тәуелсіз және артқы жағында көп тетікті аспа бар, бұл осы баға сегментінде сирек кездесетін жағдай. Тіпті жасанды бұдыр («лежачий полицейский») мен нашар жолдарда жүрісі біркелкі, дірілі минималды.
Интеллектуалды климаттық бақылау
Жүйе салондағы қолайлы температураны автоматты түрде ұстап тұрады және сонымен қоса дауыспен басқарылады.
Смартфонды сымсыз қуаттау
Назарыңызды жолдан ауытқытпай, телефонды сымсыз қуаттаңыз (Techno жиынтығы).
Жылыту және ыңғайлылық
Алдыңғы орындықтарды, жуғыштың әйнектері мен бүріккіштерін, ал Techno жиынтығында — руль дөңгелегін жылыту - суық мезгілде жайлылық береді.
Интерьер
Жоғары кластағыдай сезіну
Кең салон
Ұзын дөңгелек базасының арқасында бойы ~180 см-ге дейінгі жолаушының аяғына көп орын бар. Артқы қатар - кластағы ең кең қатарлардың бірі болып табылады, ал еденнің толығымен тегіс болғаны ортадағы жолаушыға жайлылық қосады.
Интеллектуалды дауыспен басқару
Климатты, маршрутты және қатарынан бірнеше командаларды дауыспен басқарыңыз — жолдан еш алаңдамай дерлік.
Модульдік сақтау
Алдыңғы жүксалғыштан басқа— алдыңғы жолаушыға арналған 10 литрлік жәшік және артқы орындықтардың астындағы 28 литрлік бөлім бар. Жиналмалы артқы қатар жүк салғышты 375 литрден 1320 литрге дейін арттырады.
Galaxy Flyme Auto
Жоғары жарықтығымен ерекшеленетін және миллисекундтарда іске қосылатын 14,6 дюймдік үлкен 2,5K дисплейі. Интерфейсі жылдам және біркелкі — заманауи смартфон сияқты дерлік жұмыс істейді.
Бірегей ұсыныс
Автомобильмен жеке танысу
Тек ресми орталықтар ғана тексерілген автомобильдерді, қауіпсіз сатып алуды, кәсіби қызмет көрсетуді және түпнұсқа қосалқы бөлшектерге қолжетімділікті ұсынады.
Дилерді табу
2026 жылдың күзінің соңына дейін тиімді бөліп төлеу
автомобильді рәсімдеу кезінде сатып алудың арнайы шарттары және қосымша бонустар. Өз моделіңізді таңдап, барынша көп артықшылыққа ие болыңыз.
Кері байланыс
Жеке кеңес алыңыз
Geely Galaxy
Ұсыныстар
GEELY GALAXY EX5 EM-I
12 099 000 ₸ бастап
толығырақ
GEELY GALAXY PREFACE
9 790 000 ₸ бастап
толығырақ
GEELY GALAXY EX5
10 990 000 ₸ бастап
толығырақ
GEELY GALAXY EX2
9 090 000 ₸ бастап
толығырақ
GEELY GALAXY CITYRAY
8 990 000 ₸ бастап
толығырақ