Предзаказ
Артқа
Preface от 7 490 000 ₸
Модельді ашу
Артқа
Cityray от 9 990 000 ₸
Модельді ашу
EX 5 от 15 090 000 ₸
Модельді ашу
Артқа
Cityray от 9 990 000 ₸
Модельді ашу
EX 5 от 15 090 000 ₸
Модельді ашу
Preface от 7 490 000 ₸
Модельді ашу
Русский
Кепілдік
Пайданалу жөніндегі нұсқаулық
Қосалқы бөлшектері
Қызмет Көрсету Келісімшарты
Тұтынушыларды қолдау
Дилер болу

Кепілдік

Кепілдік

Geely-Galaxy автокөліктеріне кепілдік

Geely-Galaxy көлігінің иесі бола отырып, Сіз бізге толықтай сене аласыз. Біз Geely-Galaxy көліктерінің сапасына сенімдіміз және Сіздің көлігіңізді басқарған әрбір сәттен ләззат алғаныңызды қалаймыз.

Geely-Galaxy автокөліктерінің кепілдік мерзімі- Geely-Galaxy уәкілетті дилерінен жаңа көлікті сатып алған күннен бастап 3 жыл немесе 100 000 км жүрісі, бұлардың қайсысы ерте орын алғанына байланысты.

Корпустың металл панельдерінің коррозиясының болмауына кепілдік мерзімі пайдалану жөніндегі нұсқаулықта және сервистік буклетте көрсетілген күтім мен техникалық қызмет көрсету жөніндегі барлық нұсқамалар орындалған жағдайда автомобиль сатылған күннен бастап 3 жылды немесе 100 000 км жүрісті құрайды, бұлардың қайсысы ертерек орын алатынына байланысты.

Зауыт кепілдігі

1. Автокөлікті пайдаланудың кепілдік мерзімі сервистік (кепілдік) кітапшада көрсетілген Сатушының өндіруші ретіндегі шарттарына сәйкес белгіленеді және есептеледі және және Сатып алушы автокөлікті қабылдау-тапсыру актісіне қол қойған күннен бастап 36 айды құрайды, сондай-ақ сервистік (кепілдік) кітапшаға кепілдік тіркеу талонында 100 000 км-ден аспайтын кепілдік жүрісінде (бұрын не болатынына байланысты) тиісті белгі болған жағдайда.

Өндірушінің кепілдігі оны ұзарту құқығынсыз беріледі. Кепілдік жөндеу жұмыстарынының жүргізу әдістерін Geely-Galaxy ресми дилері жөндеу жұмыстарын жүргізу регламентіне сәйкес дербес айқындайды.

Кепілдік жөндеу аясында ауыстырылған бөлшектер өндірушінің меншігіне өтеді. Сатып алушы сервистік (кепілдік) кітапшада және автокөлікті пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген пайдалану және күтім ережелерін сақтаған жағдайда кепілдік жарамды болады.

Сатушы/Субагент қосымша жабдықты (қорғаныс жүйелері, аудио жүйелер, камералар, шу оқшаулау және т.б.) орнатуға/монтаждауға жұмыс жүргізілген уақыттан бастап 1 (бір) айға кепілдік береді.

Кузовқа кепілдік

2. Төменде тізімделген автомобильдің құрамдық бөлшектеріне ұзақтығы қысқалау кепілдік мерзімі белгіленеді:

пайдалану мерзімі бірінші сатып алушы автокөлікті қабылдаған күннен бастап 12 айдан аспайтын 20 000 км-ден аспайтын жүріс, бұлардың қайсысы бұрын орын алатынына байланысты:

  • ◦ пайдаланылған газдарды шығару жүйесінің бөлшектері (каталитикалық нейтрализаторлардан басқа)
  • ◦ оттегі сезбектері
  • ◦ сәндік жабыны бар шанақтың бөліктері (шанақтың қалыптары, радиатор торының қаптамасы, әр түрлі төсемдер)
  • ◦ алюминий қорытпаларынан жасалған бөлшектердің лак-бояу жабыны (шатырдағы доғалар, айналар, шыны тазалағыш тұтқалар)
  • ◦ аккумуляторлық батареялар
  • ◦ тежегіш қалыптары
  • ◦ тежегіш дискілер мен барабандар
  • ◦ қозғалтқыштың аспалы агрегаттарының жетек белдіктері
  • ◦ резеңке тозаңдатқыштар, қақпақтар мен жеңдер, есік, жүксалғыш тығыздағыштары
  • ◦ сәндік қалпақшалар мен дөңгелек дискілерінің лак-бояу жабыны
Қосалқы бөлшектерге кепілдік

3. Кепілдік мыналарға қолданылмайды:

  • ◦ шығыс майлауыш материалдары, сондай-ақ пайдаланылатын немесе қалыпты пайдалану барысында тозуға және бұзылуға ұшырайтын басқа да элементтер
  • ◦ барлық түрдегі сүзгілер
  • ◦ оталдыру білтелері
  • ◦ жетектегі ілінісу дискісі
  • ◦ әйнек тазалағыштардың щеткалары
  • ◦ балқығыш сақтандырғыштар
  • ◦ қыздыру шамдары
  • ◦ автомобильдің сипаттамалары мен жұмыс қабілеттілігіне немесе оның жекелеген элементтеріне әсер етпейтін акустикалық жайсыздық санатына жататын әлсіз бөгде дыбыстар, шу, діріл
  • ◦ шарбы және тығыздау жерлерінде май шығынына әсер етпейтін майлы дақтардың (тершудің) пайда болуы

* Табиғи сипаттағы тозу - қоршаған ортаға немесе тозуға қалыпты әсер ету нәтижесінде бөліктің (түйіннің немесе қондырғының) жарамдылығының төмендеуі.